Танымал продюсер Баян Алагөзова күйеуі Тұрсен Алагөзовтің туған күнін тойлап, ерекше торт жасатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, туған күн кешінен видео жариялады.
"Макси күйеу! Макси әке! Макси ұл! Макси бастық! Макси еркек! Туған күніңмен!", – деп жазды ол.
Баян Мақсатқызы күйеуінің компаниясының құрметіне Maxi шайдың формасындағы 120 келі болатын торт тапсырыс берген екен. Желі қолданушылары тойдағы тортқа тамсанып, түрлі пікір білдіріп жатыр.
"Салмағы – 120 келі. Біздің үлкен уайымымыз болды. Қалай шығады, қалай жетеді деп қатты толқыдық. Ұқсай ма, қалай?", – деп жазды торт жасаған адам.
Еске салайық, жақында Баян Мақсатқызы күйеуіне ерекше жазбасы бар бенто тортпен құттықтаған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!