Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ-ның IT-департамент басшысы Сәкен Сәбиев жеңілдетілген автонесиеге өтінімін алғашқылардың бірі болып тіркеп, әлеуметтік желідегі мемдердің кейіпкеріне айналған Мақсат есімді азамат туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мақсат есімді азаматтың лимит кезегіне сәтті тіркелгенін растаймыз. Бірақ сағат 7.00-де емес. Мен оның өтінімін өзі немесе бөгде біреу басқа бір тәсілмен редакциялады ма, ол жағын білмеймін. Ол өтінім сағат 10.00, 36 долисекундта берілді. Қалай болса да, сағат 7.00-де емес. Оны дәлелдейтін скриндер қолымызда бар", - деді ол.
Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін 14 секунд жеткілікті.
"Мен видео нұсқау жаздым, оны кейін визуалды бөлігін жасау үшін SMM бөліміне жібердім. Менің видеом шамамен 14 секундқа созылды", - деп қосты Сәкен Сәбиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!