- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мақпалдың сіңлісінің қызы"....
"Мақпалдың сіңлісінің қызы". Қайрат Нұрқаділов Мерейге қатысты шындыққа пікір білдірді
Әлеуметтік желі мен БАҚ-та бұған дейін әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерейге қатысты айтқан жаңалығы тарап кеткен еді. Ол Мерей туған қыздары емес екенін мәлімдеген болатын. Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Мақпал Жүнісованың осы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Нұрқаділов марқұм әкесінің Құралай екеуінен басқа туған балалары жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, Мерейді қарындасындай қабылдайды.
"Мақпал өзі айтты, өзі жасады. Иә. Оны мен де білетінмін. Мамам да білетін, Құралай да біледі. Мақпалдың сіңлісінің қызы. Әкесі басқа адам. Асыраған бала ұқсас болып кеткен шығар. Иә, әкеме ұқсайды. Мерей қалай Заманбекқызы болды, Заманбекқызы болып қала берсін. Бірақ ол бізге қарындас болсын, жүрсін. Тек Құралай, мен (туған балалары - еск.), Мерей - асырап алған қызы. Бірақ ол бізге қарындас болып келеді. Біз оны бөлмейміз. Жақсы, ақылды қыз. Қазір институтта оқып жатыр", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтің ұлы күтпеген мәлімдеме жасаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова