Мақпал Жүнісованы тікелей эфирден көрген көрермен жылап қалды

Мақпал Жүнісованы тікелей эфирден көрген көрермен жылап қалды
Фото: Massaget.kz/Нұрбол Ынтымақұлы

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова "Оян!" телебағдарламасына сұхбат берді. Бағдарлама барысында әншімен тілдесу үшін хабарласқан көрермен көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкенттік тыңдарман әншіге жылы лебізін білдірді.

"Қайырлы таң, барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Мақпалды көремін деп, көңілім босап. Құдай қаласа жаңа жылда жаңа табысқа жетіп, көргеніңіз той болсын, қызыңыздың қызығын көріңіз. Әрдайым осылай жайнап жүре беріңіз. Алланың берген жасын жасап, осындай әндеріңізбен Қазақстанда көркейіп, жаңара беріңіз. Өмір бойы жақсы көремін, әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Не деген керемет қызсыз Мақпал Жүнісова. Сіздің атыңызды естігенде менің жүрегім жарылады", - деп жылап қалды көрермен.

Өнер иесі көңілі босаған жанкүйерін жұбатуға тырысты.

"Апам жылап тұр ғой. Апа, жыламаңыз. Жаным сол, көзіме жас келді, ғұмырлы болыңыз", - деді әнші.

Еске салайық, Massaget.kz тілшісі халық әртісінің эксклюзив әңгімесін тыңдаған болатын. Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова ешкімге айтпаған құпияларын бөлісті. Биыл алпыстың асуын еңсерген қазақтың ерке қызының шығармашылығы мен өмірінде қандай жаңалықтар болып жатыр? Марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділов жайлы ел білмейтін шындықтың бары рас па? Толығырақ сілтеме бойынша.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә