- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мақпал Жүнісова мен...
Мақпал Жүнісова мен Ермахан Ибраимов арасында құпия қатынас болғаны рас па?
Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды бей-жай қалдырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Видеода Мақпал Жүнісованы Ермахан Ибраимовпен құпия қатынасы болған деп жазылған.
"Осындай неше түрлі тақырып жазып, менің намысымды таптап жүрген бетсіздерге жақын арада арыз жазамын. 50 миллион теңгеге дейін штраф төлетіп, сол ақшаны қиналған жандарға береді. Осылай жазып, Youtube-ке салған адамның жазасын Алла берсін", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары өнер иесіне жала жапқан адамды сотқа беру керегін айтып, пікір қалдырған.
"Қолдаймын сізді. Беріңіз сотқа. Бір жері ашып, төлесін. Сіз оны қайрымдылыққа берсеңіз, сауап аласыз. Өте дұрыс идея", "Арыз жазыңыз", "Мақпал апай, қолдаймыз. Соттату керек, дұрыс… Арсыздар жазасын алуы керек", "Заң бар ғой, біреудің тағдырына дәлелсіз себептермен қол сұғып, жекесіне рұқсатсыз өткенде, намысына тиген дегендей жағдайда арыз жазуға болады", "Қасиетті Рамазан айында қалай қорықпайды екен", "Сізді жақсы көреміз", "Үндемей қалмаңыз", – деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек