Танымал қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова бір күнде үш тойға баратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Қызылордадағы Әділет інімде жеке нөмірім бар еді. Сол інім хабарласып, "тағы бір тойға жеңілдікпен кіріп беріңізші" деп сұрады. Мен күні бойы тойда жүремін. Құдайдың бұйыртып тұрғаны шығар деп, өтінішін жерге тастай алмадым. Той құтты болсын! Әлі тамағымды да ішкен жоқпын. Кеше тамақ та дайындамадым. Таңертең 10.30-да үйден шыққам, күндіз Құранда аста болдым. Екі сағат ұйықтап, содан тойға екі сағат жиналып, екі тойға барып, үшінші тойға кіріп тұрғаным ғой", - деді Мақпал Жүнісова.
Еске салайық, жақында Мақпал Жүнісова отандық әуекомпаниясы бортқа домбыра алдырмағанын айтып, шағымданған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!