Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың жылдық асына барды

Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың жылдық асына барды
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында Болат Назарбаевтың жылдық асына барғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұған дейін де Болат Әбішұлымен түскен суреттерін жариялап тұратын. 

"Бүгін Болат Әбішұлының өмірден озғанына 1 жыл болды. Құран бағышталып, ас берілді. Жасаған қайырымдылықтарын айта бермейтін адам еді. Топырағы торқа болсын. Достыққа да адал болды. Мен де барып қайттым", - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Болат Назарбаевтың 2016 құрған "Салиқалы ұрпақ" қорынан видео да жариялады. 

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевпен бірге түскен суреттерін әлеуметтік желіде жиі жариялағанымен, желі қолданушылары пікір жазатын функцияны жауып тастайды. Осы жолы да Болат Назарбаевтың асына барып, оған Құран бағыштағанын айтқанмен, пікір жазу мүмкін емес. 

Еске салайық, жақында Мақпал Жүнісова марқұм композитор Арман Дүйсенов туралы да жазба жариялаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева