Танымал әнші Мақпал Жүнісова Әлішер Кәрімовпен түскен суретін жариялап, елді қызықтырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында Әлішер Кәрімовпен түскен суретін жариялады. Ол суретте бейтаныс аруды құшақтап тұр. Бұл жайтты бірден байқаған желі қолданушылары эстрада жұлдызын сұрақтың астына алды. Көпшілік Кәрімовті құшақтап тұрған арудың кім екенін біле алмай әлек болған.
"Әлішерді құшақтап тұрған қыз кім", - деп сұрады оқырмандардың бірі.
Мақпал Жүнісова оқырманының сұрағын жауапсыз қалдырмады.
"Бұйыртса, келін болып қалар", - деп қысқа жауап берді әнші.
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіштің ашылуына неге бармағанын айтты.
Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш қойылды.
Облыс әкімдігі ескерткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылғанын атап өтті.
Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылған. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің туыстары қатысты. Ескерткіш-бюсті Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов ашты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!