Әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде жұбайы туралы сұраған оқырманына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жеке өмірін халыққа жария ете бермейді.
"Күйеуіңіз қайда, неге көрсетпейсіз?" - деп сұраған әлеуметтік желідегілердің бірі одан.
"Міне, сол сияқты", - деп жауап берді әнші.
Әнші қазір екінші сәбиіне жүкті.
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова мінезі ауыр екенін айтып, күйеуімен сөзге келіп қалатынын да жасырмады.
"Екеуіміз ұрысқан сайын ажырасқым келеді. "Мен сенімен ажырасамын. Сен барып ажырасуға арыз жаз. Әйтпесе, жұрт мені танып қалады, ұят болады" деймін. Ол да айналасын қиратқысы келеді. Бірақ олай жасамайды. Себебі ол қирата бастаса, шынымен ажырасып кетеміз", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз