Жақында екінші баласын өмірге әкелген танымал әнші Мақпал Исабекова күйеуімен қайта қосылып, үшінші баласын жоспарлап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Желі қолданушылар Мақпал Исабековаға жеке өміріне қатысты сұрақ қойып, әнші көптен бері пікір білдірмеген күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады.
"Күйеуіңізбен ажырасып кеттіңіз бе?" деп сұрақ қойған оқырманына әнші: "Жоқ, үшіншісін туайық деп жатырмыз" деп жауап берген.
Отыз жастан асқан қыздар да Мақпал Исабековадан кеңес сұрап, сауал жолдапты.
"Ой, қыздар, мойымаңыздар. Маған сенсеңіздер, бәріне де үлгересіздер. Әлі-ақ тұрмысқа да шығасыңдар, баланы да туасыңдар, шаршайсыңдар. Ал қазір өмірден рахат алып, дамып, саяхаттаңыздар. Бәрі өз уақытымен", - деп жауап берді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!