Мақпал Исабекова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Танымал әнші Мақпал Исабекова екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сәлем, әлем! Альхамдулилля, қызды болдық. Аллаға сансыз мақтау мен мадақтар болсын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тіледі.

"Халықтың қызы болайын деп тұр ғой, қолымен сәлем беріп тұрған! Бауы берік болсын!", "Уаау құтты болсын!", "Бауы берік болсын!!!", "Қош келдің, Ханшайым", "Бауы берік болсын! Өзіңе құрбы, қолғанат, дос болсын!!!" - деді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!