"Ауызсу тапшылығын көріп отырған Камерун еліне көмекті еріктілер Африкаға қолдау көрсету мақсатында ашылған "Дети уммы" қайырымдылық қоры ашқан Telegram-каналы арқылы жасаған", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құдық қазуға көп уақыт кетпеген. Сәуір айының аяғында басталған жұмыс 4 мамыр күні аяқталған. Игі жұмыс үшін жергілікті тұрғындар мақаттық еріктілерге алғыс айтып, видео үндеу жолдаған.
Еске сала кетсек, бұған дейін мақаттық еріктілердің Африкадағы жетімдер үйіндегі балаларға ауыз ашар бергенін хабарлаған болатынбыз.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!