Қасиетті Рамазан қарсаңында Атырау облысы Мақат кентіндегі дүкендердің көпшілігі арақ-шарап сатудан бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Азық-түлік дүкендері иелерінің мұндай тамаша шешімге келуіне мешіт тарапынан атқарылып жатқан насихаттық жұмыстар оң әсерін берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жұмыстар еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Мақат кентінде де үздіксіз жүргізіліп отырады", - дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Қасиетті Ораза қарсаңында Мақат ауданының бас имамы дүкен иелеріне алғыс білдіріп, марапат тапсырып қайтты.
Ащы су саудасынан мүлде бас тартқан Мақат ауылындағы дүкендер қатарында "Рамазан", "Зоя", "Абдулла", "Қаламқас", "Ниет", "Айсұлтан", "Болашақ", "Гүлназ", "Фатима", "Әдемі-Нұр", "Алтайр", "Абзал", "Адай", "Ақниет", "Байсары", "Азиза" азық-түлік дүкендері бар.
Баян Жанұзақова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!