Мәжілістің қатары жаңа депутатпен толықты. Мәжілістегі "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі, депутат Серік Ерубаев Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Палата отырысында тұрақты комитеттердің мүшелері сайланады. Депутат Серік Ерубаевтың өтініші негізінде ол Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.
Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихаттың хатшысы.
Atyrau Construction services ltd ЖШС бас директоры қызметін атқарған. Тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады.
Бұған дейін партия қатарынан әріптесіне түрлі хаттар жазды деген Асқар Садықов шығарылған болатын.
Айта кетейік, 4 қыркүйекте "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев депутат Асқар Садықов не үшін партиядан шығарылғанын түсіндірген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз