- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәжілістің жаңа депутаты...
Мәжілістің жаңа депутаты тіркелді
12 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетовті тіркеу туралы қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыстың қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
- Мәжіліс депутатының бос мандаты "Respublica партиясы"қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке берілді;
- Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелді;
- Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылды.
Отырыс барысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес, депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады.
Нұрлан Әбдіров Айтуар Асқарұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Respublica партиясының депутаты Динара Шүкіжанова Мәжілістен кеткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан