Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Кимді тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылғы 19 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Вера Кимді тіркеу туралы" қаулы қабылданды.
"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты Amanat партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Вера Александровна Кимге берілсін. Вера Александровна Ким Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Вера Александровна Кимге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын", - делінген қаулыда.
Отырыс барысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттың өкілеті оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!