Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода Қазақстанның солтүстік облыстарындағы халыққа арнайы үстемеақы тағайындауды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдады.
"Солтүстік өңірлерінде климат, әлеуметтік, коммуналдық, жол инфрақұрылымының жағдайы оны өмір сүруге тартымсыз етеді. Мысалы, мұнда жылыту маусымы 7 айдан аса уақытқа созылады.
Солтүстікте газдандыру деңгейі де төмен. Мұнда халықты таза ауыз сумен қатамасыз ету көрсеткіші айтарлықтай төмен, жолдардың сапасы да сын көтермейді. Орташа жалақы да республикалық көрсеткіштен төмен. Салдарынан солтүстікте халықтың саны азайып жатыр. Оған біраз жыл болды", - деді депутат.
Дмитрий Колода солтүстікте тұрып жатқан қазақстандықтарды қаржылау қолдау керектігін айтты.
"Климаты солтүстіктегі өңірлерге ұқсас, басқа елдердің тәжірибесін қарастырайық. Онда күрделі климаттық жағдайда тұратын адамдар үшін түрлі қаржылық қолдау құралдары қарастырылған. Мысалы, шәкіртақы, зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленген. Сондықтан мұнда арнайы "өңірлік үстемеақыны" енгізу өңірдің тартымдылығын арттырады әрі солтүстік өңірлерді газдандыру керек", - деді ол.
Депутат Үкіметке ұсыныстарын айтты:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!