Бүгін Мәжіліс отырысының бірінші оқылымында "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы" Жарлыққа сәйкес ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив саласындағы бірқатар заңдар таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заң жобасының мақсаты - ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет, мұрағат ісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және атқарушы билік қызметін шамадан тыс заңнамалық регламенттеуді болғызбау болып табылады.
"Біріншіден, саланы реттейтін ұзын саны 9 заңға өзгерістер енгізіп, осыған орай олардың мақсатын, міндеттері мен принциптерін қайта анықтайды. Екіншіден, заң жобасы министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға сілтенетін министрліктің мойнындағы төл міндеттерді, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің ережесімен реттеледі", - деді Мәдениет және ақпарат министрі Мәжілісте.
Үшіншіден, заң жобасы креативті өндірісті қолдаудың нақты шараларын көздейтін мемлекеттік саясатты анықтайтын өзгерістерді ұсынады. Мәселен, Үкіметке осы саясатты жүргізу және осы саланы дамытуға жауапты заңды тұлғаларды анықтау сияқты нақты құзырет беруді көздейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!