Мәжілісте жаңа депутат ант қабылдады

Олжас Нұралдинов Мәжілістің жаңа депутаты атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол өкілеттігін тоқтатқан "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі Ержан Бейсенбаевтың орнына келді.

Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдап, Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген міндеттерге адал болуға ант етемін", - деді Олжас Нұралдинов.

Ол 1989 жылы 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауылында дүниеге келген. 2021 жылдан бастап "Ақ жол" ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы болған. Сонымен қатар, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің III, IV шақырылымдарының мүшесі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!