Мәжілісмендер есірткі қолданғаны үшін қылмыстық жазаны алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Олардың пікірінше, тыйым салынған заттарды сатпайтындарды тек әкімшілік жауапкершілікке тарту керек. Депутаттар мұның бәрі есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыратынына сенімді.
"Кылмыстық кодекстің 296-бабының 1-бөлігін әкімшілік юрисдикцияға көшіру ұсынылады. Бұл ретте "қоғамдық орындарда" есірткі құралдарын медициналық мақсатта тұтынбаған кезде белгісін алып тастау есірткіні медициналық мақсатта тұтынбауға тыйым салуға мүмкіндік береді", - деді Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.
ІІМ өкілі бұл бастама полицияның жұмысын жеңілдету әрекеті емес екенін мәлімдеді. Бірінші кезекте бұл шара есірткі тұтыну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
"Ең алдымен қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсатта тұтынбау туралы сөз қозғалып отыр. Бүгінде мұндай құқықбұзушылық саны екі есеге қысқарды. Алайда есірткі тұтынушылар азайған жоқ, олардың барлығы есірткіні үйде және басқа жерлерде қолдануды жөн көрді", - дейді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажы-Ғали Имажанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!