- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәжіліске Оқу-ағарту вице-министрлері...
Мәжіліске Оқу-ағарту вице-министрлері келмей қойды: Аймағамбетов әріптестеріне ашулы
Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мәселесіне арналған тақырыптық отырысқа Оқу-ағарту министрінің бірде-бір орынбасарының қатыспағанына наразылығын білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отырыста баяндамашы ретінде бірінші вице-министр Наталья Жұмаділдаева қатысады деп күтілгенімен, ол келмеді.
"Үкімет ішінде бір шешім табу қажет қой. Бұл Мәжіліс, маңызды мәселе талқыланып жатыр. Қоғам "қашан шешім қабылданады?" деп күтіп отыр. Бұл мәселені депутаттар көптен көтеріп келеді. Бірнеше вице-министрден біреуі келуі керек еді, себебі шешім қабылдайтын тұлғалар – саяси қызметкерлер. Ертең осы мәселе бойынша саяси шешім қабылданады. Жарайды, комитет өкілдері бастап көріңіздер", – деді Аймағамбетов.
Қазіргі уақытта вице-министрдің орнына комитет өкілдері баяндама жасап жатыр.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне министрдің орынбасарларының жиынға келмеу себебіне қатысты сауал жолданды. Жауаптар қосымша жарияланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет