Биыл қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті таратып, мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. 19 наурызда кезектен тыс сайлау өтті. Бүгін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Amanat партиясының Саяси кеңесі бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Бүгін "Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді. Бұл туралы Азат Перуашев Telegram-дағы каналында хабарлады.
27 наурызда "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесі төралқасының отырысы өткені хабарланды. Онда Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша алынған 8 депутаттық мандат бөлінген:
Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, Паралимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейітжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сияқты кандидаттар мандатқа ие болды.
Мәжіліске Respublica партиясынан депутат болатындардың тізімі мынандай:
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды. Бұл партияға Парламент Мәжілісіне 4 депутаттық мандат бөлінген:
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылған Парламенттің бірінші сессиясы өтетін күнді белгілегенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!