Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

Еске салайық, 26 маусымда өткен отырыста депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның бюджет туралы есебін тыңдады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз