Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget