Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алдын ала нәтижелері жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірлерден жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 азамат енгізілді, дауыс беруге 6 366 441 азамат қатысты.
Алдын ала нәтиже келесідей:
Осылайша, Мәжіліске өту үшін бес пайыздық шекті межені жеті партияның алтауы жинаған.
Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!