Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутатының мандатын иеленген кандидаттардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ОСК қорытындылары бойынша дауыс беру нәтижесінде өз округтері бойынша ең көп дауысты жинағандар:
Астана қаласы №1 сайлау округі бойынша Дәулет Тұрлыханов сайланды.

Астана қаласы №2 сайлау округі бойынша Дәулет Мұқаев сайланды.

Алматы қаласы №3 сайлау округі бойынша Ермұрат Бәпи сайланды.

Алматы қаласы №4 сайлау округі бойынша Ерлан Стамбеков сайланды.

Алматы қаласы №5 сайлау округі бойынша Бақытжан Базарбек сайланды.

Шымкент қаласы №6 сайлау округі бойынша Данабек Исабеков сайланды.

Шымкент қаласы №7 сайлау округі бойынша Болатбек Нәжметдинұлы сайланды.

Абай облысы №8 сайлау округі бойынша Нұртай Салихұлы сайланды.

Ақмола облысы №9 сайлау округі бойынша Айна Мысырәлімова сайланды.

Ақтөбе облысы №10 сайлау округі бойынша Қазыбек Әлішев сайланды.

Алматы облысы №11 сайлау округі бойынша Ардақ Назаров сайланды.

Алматы облысы №12 сайлау округі бойынша Данияр Қасқарауов сайланды.

Атырау облысы №13 сайлау округі бойынша Әділ Жұбанов сайланды.

Батыс Қазақстан облысы №14 сайлау округі бойынша Абзал Құспан сайланды.

Жамбыл облысы №15 сайлау округі бойынша Мукаш Искандиров сайланды.

Жамбыл облысы №16 сайлау округі бойынша Гульдара Нурумова сайланды.

Жетісу облысы №17 сайлау округі бойынша Руслан Қожасбаев сайланды.

Қарағанды облысы №18 сайлау округі бойынша Құдайберген Бексұлтанов сайланды.

Қарағанды облысы №19 сайлау округі бойынша Арман Қалықов сайланды.

Қостанай облысы №20 сайлау округі бойынша Еркін Әбіл сайланды.

Қызылорда облысы №21 сайлау округі бойынша Мархабат Жайымбетов сайланды.

Маңғыстау облысы №22 сайлау округі бойынша Еділ Жаңбыршин сайланды.

Павлодар облысы №23 сайлау округі бойынша Амантай Жарқынбек сайланды.

Солтүстік Қазақстан облысы №24 сайлау округі бойынша Еркебұлан Мәмбетов сайланды.

Түркістан облысы №25 сайлау округі бойынша Қайрат Балабиев сайланды.

Түркістан облысы №26 сайлау округі бойынша Ұласбек Сәдібеков сайланды.

Түркістан облысы №27 сайлау округі бойынша Темір Қырықбаев сайланды.

Ұлытау облысы №28 сайлау округі бойынша Ерболат Сатыбалдин сайланды.

Шығыс Қазақстан облысы №29 сайлау округі бойынша Лұқбек Шабданұлы сайланды.

Еске салайық, бұған дейін Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау қорытындысын жариялаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек