Мәжіліс отырысында анасын құттықтаған депутат жұрттың сынына қалды

Мәжіліс отырысында анасын құттықтаған депутат жұрттың сынына қалды
Фото: Видео кадры

Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат сауалын жолдамас бұрын анасына арналған тілегін жеткізді.

"Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге, жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Депутаттың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

"Заң шығаратын орын емес пе? Тілек айтатын жер емес", "Осы жер құттықтайтын жер ме? Ел тамақ таппай үлкен қымбатшылық келе жатқанда", "Анасын үйде құттықтамай ма? Ойыншық қылды Мәжілісті", - деді желідегілер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget