Мәжіліс Жұлдыз Сүлейменованың депутаттық өкілеттігін тоқтатты

Мәжіліс Жұлдыз Сүлейменованың депутаттық өкілеттігін тоқтатты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Парламенттің жетінші және сегізінші шақырылымдарында Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде белсенді қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен әйелдердің құқығын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соның ішінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларына бағытталған елеулі заңнамалық түзетулер әзірленіп, енгізілді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget