Мәжіліс депутаттық әдеп жөніндегі кеңес жазалаған депутаттардың есімін жасырып қалған. Бұл туралы кеңес төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне сүйенген "Ақ Жайық" басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл кеңес Мәжілістің әрбір тұрақты комитетінен өкілдік ететін жеті депутаттан құрылады. Осы іріктеуден өткен депутаттар депутаттық әдеп мәселелеріне байланысты түскен әрбір өтінішті жан-жақты қарайды.
Қызмет барысында кеңестің 15 отырысы өткен, 17 депутатқа қатысты этикалық нормаларды сақтау бойынша ұсыныс берілген. Төрағаның айтуынша, депутаттардың қайсы және не үшін жазаланғаны туралы ақпарат шектеулі ақпаратқа жатады.
Еске салайық, кеше Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл жайт қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!