- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәжіліс және мәслихат...
Мәжіліс және мәслихат сайлауы: дауыс беру бойынша Қызылорда облысы көш бастады
19 наурыздағы мәжіліс және мәслихат сайлауында қазақстандықтардың 54,09 пайызы дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 20:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,09 пайызы бюллетеньдер (6 509 695 адам) алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 57,02 пайыз;
- Ақмола облысы бойынша – 60,01 пайыз;
- Ақтөбе облысы бойынша – 57,45 пайыз;
- Алматы облысы бойынша – 60,03 пайыз;
- Атырау облысы бойынша – 50,22 пайыз;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01 пайыз;
- Жамбыл облысы бойынша – 65,21 пайыз;
- Жетісу облысы бойынша – 55,32 пайыз;
- Қарағанды облысы бойынша – 59,48 пайыз;
- Қостанай облысы бойынша – 65,10 пайыз;
- Қызылорда облысы бойынша – 66,46 пайыз;
- Маңғыстау облысы бойынша – 54,08 пайыз;
- Павлодар облысы бойынша – 58,68 пайыз;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25 пайыз;
- Түркістан облысы бойынша – 53,01 пайыз;
- Ұлытау облысы бойынша – 58,99 пайыз;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15 пайыз;
- Астана бойынша – 42,91 пайыз;
- Алматы бойынша – 25,82 пайыз;
- Шымкент бойынша – 45,46 пайыз;
Қазақстанның 20 өңірінің 15-інде мәжіліс пен мәслихат сайлауында дауыс беру аяқталды. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жалғасады. Бұл өңірлерде сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
19:00-дегі жағдай бойынша, бүгін сағат 19:00-дегі жағдай бойынша (19 наурыз) шетелде 11 учаскелік сайлау комиссиясының (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан