Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында, ал ең азы Алматыда дауыс берген. Қазақстандықтардың 53,11 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауына барған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 18:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,11 пайызы бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 56,14 пайыз;
- Ақмола облысы бойынша – 59,49 пайыз;
- Ақтөбе облысы бойынша – 56,88 пайыз;
- Алматы облысы бойынша – 59,74 пайыз;
- Атырау облысы бойынша – 49,19 пайыз;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,81 пайыз;
- Жамбыл облысы бойынша – 65,00 пайыз;
- Жетісу облысы бойынша – 55,07 пайыз;
- Қарағанды облысы бойынша – 58,85 пайыз;
- Қостанай облысы бойынша – 65,00 пайыз;
- Қызылорда облысы бойынша – 65,70 пайыз;
- Маңғыстау облысы бойынша – 54,04 пайыз;
- Павлодар облысы бойынша – 58,61 пайыз;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 64,46 пайыз;
- Түркістан облысы бойынша – 51,07 пайыз;
- Ұлытау облысы бойынша – 58,63 пайыз;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,63 пайыз;
- Астана бойынша – 40,94 пайыз;
- Алматы бойынша – 22,95 пайыз;
- Шымкент бойынша – 43,89 пайыз;
Келесі жедел ақпарат сағат 20:10-да беріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!