Мәжіліс депутаты каникулдың соңғы күні өз өкілетін тоқтатты

Мәжіліс депутаты каникулдың соңғы күні өз өкілетін тоқтатты
Фото: parlam.kz

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовтің өкілетін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіледі.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", - деп хабарлады ОСК.

Еске салайық, 31 тамыз - Парламенттегі канкулдың соңғы күні. Ертең Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат пен Мәжіліс депутаттары жиналады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан