Блогер Нұрбол Ханағат Facebook-тегі парақшасында Самат Нұртазаны белгілеп, Мәжіліс депутаттарының жалақысы туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Осы депутаттар алғашқы жалақыларын алды ма? Алсаңыз сол туралы пост жазыңызшы. Әсері қандай болады екен дегендей", - деп жазды ол.
Бұған Мәжіліс депутаты мұның құпия емес екенін және әр депутат әртүрлі жалақы алады деп жауап берген.
"Несі құпия. Менікі 550.000тг. Әлі алмадық. Әр депутат әртүрлі алады. Еңбек стажына қарай. Жастар аз. Орта жастағылар көбірек. Зейнетке жақындағандар одан көп", - деп жазды ол.
Төменге палатаға жаңадан сайланған депутатқа "Әр депутат 1 миллион теңгеден алады өтірік пе?" сонда деген сұрақ қойылған.
"Басқа депутаттар үшін жауап бере алмаймын. Өзімдікін айттым", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!