Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева өкілетінен айырылды

Гауһар Танашева мәжіліс депутаты ретіндегі өкілетінен айырылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысының негізінде ГауҺар Шаймерденқызы Танашева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілетін жоғалтты деп танылсын", - делінген ОСК таратқан хабарламада.

Гауһар Танашева 1974 жылы 29 қарашада дүниеге келген. Қазақ, білімі жоғары, дәрігер кардиолог.

Білімі:

  • 1992-1998 жылдары - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, "Емдеу ісі" мамандығы:
  • 1998-2000жж. - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті, "Кардиология" мамандығы;
  • 2002-2007 жылдары - Халықаралық мамандықтар институты, "Экономика" мамандығы;
  • 2008 ж. - "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты", Кардиология мамандығы бойынша білігін арттыру.

 Еңбек өтілі (қызметі):

  • 2000-2002 жж. - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, интерндерге арналған ішкі аурулар кафедрасының ассистенті;
  • 2003-2016 жж. - Ірі фармацевтикалық компаниялардың маркетинг бөлімі (Pfizer, Gedeon Richter, Zentiva, Sanofi, Actavis);
  • 2014-2022 жж. - "Қазақстан балалары "Жастарды дамыту Алматы қайырымдылық қоры" Қоғамдық қорының президенті;
  • 2020-2023 жж. - "Қазақстан аналарының бірлестігі" корпоративтік қорының директоры.
  • 2023 жылғы 28 наурызынан бастап қазірге дейін "Қазақстан Халық партиясының" партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Қазақстан Халық партиясының" фракциясының мүшесі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!