- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мәжіліс депутаты Бақытжан...
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін айтты
Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп жүргенін айтты. Бұл жайлы ол өзінің facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат белгісіз біреулер пәтерінің есігінің алдында тұрған бесік арбаны өртеп кеткенін айтты.
"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоқыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын пәтеріміздің (квартирамыздың) есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесін! Не болса да тергеу қорытындысын күтейік", - деп жазды белгілі заңгер.
"Әрине, саяси қызметте қысым болады, шыдаңыз! Бұрынғыдай заман жоқ, ауызды жабу мүмкін емес", "Бақытжан, берілменіз сіздің отбасыңызға амандық тілеймін. Сізге және сіздің ісіңізге халық қолдау білдіреді. Сіздей ер азаматтар отанымызға өте қажет", "90-жылдардан бері ештеңе өзгермегендей. Әділдік жолының бұралаңы көп! Абыроймен аман-есен шығатыныңызға сенімдімін", - деп пікірлер қалдырды оның оқырмандары.
А. Жапатова