Мәжіліс депутаттары төрт жаңа заң жобасын жұмысқа алды

Мәжіліс депутаттары төрт жаңа заң жобасын жұмысқа алды
Фото: el.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттар мәжілісте "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға Парламент Сенаты ұсынған жаңа редакцияны қарады. Мәжіліс комитеттері 4 жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. 
Олар: 

  • 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
  • Қазақстан Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы; 
  • Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағының Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы; 
  • Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары.

Депутаттар жаңа заң жобасын бірауыздан қолдап, басым дауыс берді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет