Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев палатаның пленарлық отырысы барысында заң жобасында қосымша құн салығы бойынша есепке қою үшін қолданыстағы ең төменгі шекті мәнді (30 000 АЕК) 2017 жылды қоса алғанда сақтай отырып, одан әрі 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен 15 000 АЕК-ке (31,8 млн.теңгеге) дейін төмендету көзделгенін хабарлады. Салық кодексіне қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті қою бойынша норманы қалпына келтіру ұсынылады.
Заң жобасында алкоголь өнімдеріне және темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңмен арттыруды, сонымен қатар инвестициялық қаржыландыру бойынша (Carry қаржыландыру) коммерциялық табу болмаған жағдайда қарыздарды есептен шығару кезіндегі табысты копроративтік табыс салығынан босату көзделген.
«Қаржылық секторға салық салу бойынша, оның ішінде «Қайта қаржыландыру бағдарламасы» шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша банктер алдында мерзімінен кешіктірілген берешегі бар қарыз алушыларға көмек көрсетуге бағытталған түзетулер блогы. Бұл аталмыш бағдарламаны іске асыруды ұстап тұрған проблемалық мәселелерді шешуге және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының жалғыз тұрғын үйін сақтауға мүмкіндік береді» - деп атап өтті Бишімбаев.
Салықтық әкімшілендіру бойынша түзетулер салықтық тексерулердің алдын-ала актілерін келісу тәртібін енгізуді, тәуелсіз аудиторлық компаниялардың жоюға арналған тексерістері үшін талаптардың өзгеруін, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялауды, электронды шот-фактураларды, Е-аудитті енгізу мерзімдерін ауыстыруды көздейді.
«Ағымдағы жылы жалпыға бірдей декларациялауға көшуге дайындық жұмыстарын жүргізу барысында қоғамның аталған шараны қабылдауға жағымсыз әсер ететін проблемалар (мемлекеттік органдар базасында мәліметтердің өзексіздігі, интернет желісімен толық қамтудың жоқтығы) анықталды. Осыған байланысты жалпыға бірдей декларациялауға бір кезеңмен көшуді 2020 жылдан бастап жүзеге асыру ұсынылады», - деп хабарлады министр.
Бұдан басқа, активтер және міндетемелер туралы декларацияда көрсетілетін мүліктің шекті мәнін ұлғайту және декларацияны уақтылы ұсынбау немесе мәліметтердің теріс көрсетілуі үшін әкімшілік айыппұл мөлшерін (30 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін) төмендету ұсынылады.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар банктердің портфельдеріндегі проблемалық кредиттерге қатысты мәселелерді көтерді. «Ұсынылған салықтық өзгерістер осы мәселені шешудің маңызды бөлігі, олар банктерге жаман кредиттерден құтылуға кедергі келтіретін кедергілерді алып тастайды» - деді Бишімбаев.
Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова кәсіпкерлерге салықтық жүктеме және салықтан қашатындарды анықтау үшін қабылданатын шара туралы мәселе көтерді. Министр салықты адал төлейтіндерге жүктеме көтерілмейтінін, Қазақстанда қазіргі таңда ҚҚС-қа қою бойынша әлемдегі ең жоғары шек қолданылуымен түсіндірді. «Біз әлемде болып жатқандардан бөлек тіркемеуге және ешқандай есеп жүргізбеуге рұқсат береміз. Бұл кәсіпорындар көлеңкелі экономиканы жүргізеді, біз олардың айналымдарын, табыстарын көрмейміз» - деді Бишімбаев.
Оның айтуынша, Қазақстанның үштен бір бөлігінің бақыланбайтын аймақта жату фактісі республикада ҚҚС-қа қою үшін ең жоғары шекке байланысты. «Заң жобасы осы шекті төмендетуге бағытталған, бұл бізге бақыланбайтын айналымды қамтуға мүмкіндік береді» - деп қорытындылады Бишімбаев.