ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды сұрады.
"Біз бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін дереу доғаруды сұраймыз", − деді депутат Владислав Косарев. Айта кетейік, мұның Парламенттің үш фракциясының депутаттарына да қатысы бар. Сонымен қатар депутаттар Мемлекет басшысынан сайлау өткізу туралы Жарлық шығаруды сұрады.
"Біріншіден, қазіргі Мәжіліс Ұлт жоспарының заңдық негізін жасай отырып, тарихи міндетін орындады. Парламент 80 заңды қабылдап, Президенттің әрбір бесінші конституциялық реформасына сәйкес жол картасын жасады. Қазіргі тарихи жаңа кезеңде партиялардың сайлаушылардың сеніміне кіргені маңызды", − деді Косарев.
Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін қоғамдық бірігу керек. "Тек бірлік пен бірге әрекет етудің арқасында ғана жаңа экономикалық соққыға төтеп бере аламыз. Реформаны барлық деңгейде жүзеге асыруда әрекетімізді үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мәслихат сайлауымен біріктіру керек. Бұл дағдарыс кезінде сайлауды өткізуге жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Осыған байланысты біз Мемлекет басшысынан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің V шақырылымын мерзімінен бұрын тарату туралы Жарлықты қабылдап, парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді сұраймыз", − деді Косарев.
Дереккөз: Tengrinews.kz