Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында бензин мен дизель бағасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл оңай шешім емес, бұл шешімді қабылдауға мәжбүр болып отырмыз. Егер жақын арада бұл шешімді қабылдамасақ, мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз", - деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов Қазақстанда жан басына шаққандағы дизель отынын тұтынудың деңгейі өте жоғары - жылына 370 литр екенін атап өтті. Мысалы: Ресейде - 225 литр, Қырғызстанда - 98 литр, Өзбекстанда - 44 литр немесе 8 есеге төмен. Сонымен қатар, біздің елімізде тұтыну деңгейі өсу қарқынымен өсіп жатыр.
"Бұл көрші елдерге транзиттік көлікпен және "сұр" экспорт түріндегі жанар-жағармай экспортталуымен байланысты", - деді премьер-министр.
Еске салайық, кеше энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бензин мен дизель отынының қымбаттағанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!