Мажарстан премьер-министрі Тоқаевқа ризашылығын білдірді

Мажарстан премьер-министрі Тоқаевқа ризашылығын білдірді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мажарстан премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.

Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget