Найб мүфти Ершат Оңғар "Ұйқым келмейді" бағдарламасында мәһірдің мәнін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мүфтидің сөзінше, мәһір негізгі шарттарға жатпайды.
"Мәһір бермесе, неке қиылмайды деген ұғым жоқ. Бірақ үйленіп жатқан жігіт қалыңдығына қалыңмал немесе мәһір беруі міндет. Шариғат тілінде "уәжіп" делінеді. Ал неке қию үстінде атау - сүннет. Аталмаса, тіпті белгіленбесе де неке дұрыс болады, неке қиылады. Мәһір некенің дұрыс болу шарттарына жатпайды. Мәһірден де маңызды шарттар бар: ең бірінші екі жақты келісім. Одан кейін екі куәгердің болуы, туысқандық қатынаста болмауы. Мәһір уәжіп амалына жатады", - деді ол.
Сондай-ақ, Ершат Оңғар мәһір неліктен берілетінін айтты.
"Бірінші кезекте қалыңдықтың құқығын қорғау. ...Ажырасып жатқанда да демеу болатындай материалдық құны бар нәрсе болуы", - деді мүфти.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!