Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры ұсталды

Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры ұсталды
Фото: wku.edu.kz

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл жайтты растады, алайда оқиғаның себебі мен мән-жайы әзірге жарияланған жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары оқу орнының ректоры ұсталғаны туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын. Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжан тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, Нұрлан Серғалиев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ, оның жұмыс кабинеті мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізілгені айтылды.

Сонымен қатар, оны ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары ұстағаны хабарланды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО ректоры ұсталғаны туралы ақпаратты растады, бірақ оқиғаның егжей-тегжейі әзірге ашылған жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Серғалиев қоғамдық қызметпен де айналысқан, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болған, бейінді мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget