- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Махаббатымыз лапылдап, бақыттың...
"Махаббатымыз лапылдап, бақыттың құшағында". Ерке Есмахан қуанышты сәттерін еске алды
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында бақытты кездерін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бесік тербетіп отырып, былтырғы қаңтар мен биылғы қаңтардың 1 жыл аралығын ойлап, бақытты сәттер көз алдымнан зымырап өтті. Естеліктерді бөліскім келіп кетті", - дейді әнші.
"Жаңа 2023 жыл басын Райм екеуміз Швейцария, Венеция, Милан, Комо қалаларын аралаумен бастадық. Қаңтардың 10-ы Алматыға келдік. Сол күні интернетке осы сурет шықты. Ол у-шу естеріңізде шығар. Халықтың білгеніне қуанған Райм, толық суретті өз парақшасына салып, неке қиямыз деп жоспар құрды. Бұл сурет Венецияда түсірілген еді. Махаббатымыз лапылдап, бақыттың құшағында Неке қиюға Оралға ұшып келдік", - дейді Ерке Есмахан.
19 қаңтарда неке қиылғаннан кейін Ерке мен Райм бұл сәтті атап өту үшін Дубайға ұшып кеткен. Ал 19 ақпан сырға салу рәсімі өткен. Наурызда Райм Қазақстанды аралап концерт бергенде Ерке жанында болғанын айтты.
"Сәуірде Ораза болды. Ауызашарлардан қалмай жүрдік. Жолдасым ораза ұстады, ал мен ұстамадым. Себебі Ораза кезінде аяғым ауыр екенін білдік. Наурыздағы концерттерде қасына бекер еріп жүрмеппін", - дейді Ерке Есмахан.
Ал мамырда жұп Лондонға сүйікті әншінің концертін көруге кеткен. Бұған дейін Ерке мен Райм осы айда некесін заңдастырған. Маусымда "Бұл Махаббат" бейнебаянына дайындық басталған. Кейін жұп Мальдив аралдарына жол тартқан. Ал Тамызда бейнебаян жарық көрді.
"Қарашаның 23-і Райымбекұлы Ислам дүниеге келді", - дейді әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!-
С. Бөлек