Дизайнер Аида Кауменова "Әсем бике" бағдарламасында ер адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дизайнер баланы жалғыз өзі тәрбиелеу қиын екенін, алайда білімінің арқасында барлық сынақтан өткенін айтты.
"Білім алуға мүмкіндік берген ата-анама алғысым шексіз. Мен баламен жалғыз болсам да, менің қолымнан іс келетін, менде білім болатын. Сол білімімнің арқасында мен өзіме сендім. Бұл таңдау. Қай жолмен жүретініңді өзің шешесің. Жамиля (қызы) кішкентай кезінде 3 жасқа дейін ауылда болды. Содан кейін оны алып кеттім, бірге тұрдық. Қай жерде жүрсем де Жамиляны өзіммен бірге алып жүрдім. Жылаған да күндер болды. Сондай кездері жеңілдікті құдайдан іздейтінмін. Қиын деп қалай айтасың. Бұл менің жолым. Менің түсінгенім, Алла тағала көмектеседі", - деді ол.
Аида Кауменова ер адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын айтты.
"Әлі де тұрмысқа шығамын деген ойым бар. Жалғыздық тек құдайға жарасады. Менің ойымша, махаббат сезімі жасқа қарамайды. Бастысы, жаныңа жақын адамды табу және онымен бақытты болу. Маған келгенде мені түсінетін, мені аяйтын, мені мәпелейтін, маған сүйеніш болатын жанды кездестірсем екен деймін. Ең маңыздысы - құндылықтарымыздың бірдей болуы", - дейді дизайнер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!