- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Махаббат па, тәуелділік...
Махаббат па, тәуелділік пе? Танымал психолог ажыратып берді
Махаббат - дүниедегі ең керемет сезім. Ол адамды бақытқа бөлейді, шабыттандырады. Бірақ тәуелділік - қауіпті нәрсе. Көпшілік махаббат пен тәуелділікті ажырата алмайды. Сондықтан олар жылдар бойы жағымсыз қарым-қатынаспен өмір сүреді, кейде азап шегеді және мұны қалыпты жағдай деп санайды. Адамды шынымен жақсы көретініңізді немесе жай ғана тәуелді екеніңізді қалай түсінуге болады? Бұл сұраққа психолог Михаил Лабковский жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Сарапшының сөзінше, төрт қарапайым сұраққа жауап беру өз сезіміңізді түсінуге көмектеседі.
- Қарым-қатынасыңызда не жиі кездеседі: жағымды немесе жағымсыз эмоция? Тыныштық пен бақытты сезінесіз бе? Немесе сіз әр кеш сайын жылайсыз ба?
- Сіз күн сайын жұбыңызға қанша энергия жұмсайсыз? Ол туралы қаншалық жиі ойлайсыз?
- Сізге жұбыңыздың назарын аударту, оның сүйіспеншілігі үшін күресу керек пе? Ол сізге уақыт бөліп, назар аудару үшін қанша күш жұмсауыңыз керек? Екеуіңіз жұмсаған күш бірдей ме әлде сіз ғана тырысасыз ба?
- Қаншалық жиі сылтау айтасыз? Ол неліктен сізге ұнамайтындай әрекет ететінінің себептерін ойлайсыз ба?
Лабковский бұл сұрақтарға шынайы жауап беру керек екенін, психикаңыз қатты қарсылық көрсете бастауы мүмкін екенін жеткізді.
Негізгі ереже: дұрыс қарым-қатынаста сіз жұбыңызбен бірдей күш жұмсайсыз. Егер олай болмаса, онда сіз тәуелді болуыңыз мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова