- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Махаббат мәселесі себеп...
"Махаббат мәселесі себеп болуы мүмкін". Жамбыл облысындағы әскери қалашықта төбелес болды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Жамбыл облысындағы әскери қалашықта төбелес болып, екі адам жарақаттанды. Оқиға Отар гарнизонында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Түнгі төбелеске кәмелетке толмағандар да қатысқан. Жаға жыртысқан жастар арасында гвардия гарнизонының келісімшарттағы әскери қызметшілері де жүр.Екі жауынгер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жастардың дауына махаббат мәселесі себеп болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты "бұзақылық", "қорлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы