- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Махаббат қызық мол...
"Махаббат қызық мол жылдардың" жүректен көрерменге дейінгі сапары 6 жылға созылды - режиссер
Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрының "Махаббат қызық мол жылдар" қойылымының қоюшы режиссері Фархат Молдағали "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында қойылымның қалай әзірленгенін, қалай жарыққа шыққанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Махаббат қызық мол жылдар" қойылымының жүректен көрерменге дейінгі сапары 6 жылға созылды. Оқу бітіріп, осы романды оқыған кезімде қатты әсер алдым. Содан романның қойылымын қоямын деген ниетім пайда болды. 248 беттік романның 48-ін ғана қалдыру қиынға соқты. Бұл романның құрылымын, Әзілхан Нұршайықов атамыздың идеясын, сюжетін толық жеткізу керек. Қойылым қоямын деген идея келгеннен бастап сценарийдің 6-7 нұсқасын жаздым. Бірақ, ойланып жүріп ол нұсқаны қайта қайта өзгерте бердім. Нұсқаларымның ішінде тек Ербол мен Меңтай дегені де болды, яғни бес Ербол, бес Меңтай. Сөйтіп, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрына келгеннен кейін басшылық маған романның қойылымын қойсақ деген ниетін білдірді. Бірақ олар менен "қандай режиссерді ұсынасың?" деп сұрады. Қанша жылдан бері бұл роман туралы өзім ұмытып та кетіппін, дегенмен ойлана келе мен өзімді ұсындым. Ең қызығы, 6-7 нұсқаның ішінен ең біріншісі таңдалды. Мен жыл сайын дамып жатырмын, ақылым толысып жатыр деп ойлап жүрген едім. Сөйтсем, өзімнің менсінбей жүрген нұсқам өзгелерге ұнайды екен", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Психосоматика бойынша тамақ ауруы нені білдіреді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә