- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Махаббат, қызық мол...
"Махаббат, қызық мол жылдардан" бастап шетел әдебиетіне дейін. Депутаттар қандай кітап оқып жүргенін айтты
Депутаттар қандай кітап оқып жүргенін айтты. Видеоны депутат, блогер Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары Қарағанды облысына жолға шықты. Жұма қабыл болсын. Ал сіздің соңғы оқыған кітабыңыз қандай?" - деп жазды Дәулет Мұқаев.
Жанарбек Әшімжанов Флобердің "Бовар ханымын", Березовскийдің "Мемуарын", Нұрлан Әуесбаев Төрехан Майбастың "Қырмалдық" деген кітабын оқығанын, Айна Мысырәлімова Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" кітабын қайталап оқып жатқанын, Нұргүл Тау Лоретта Бруни "Бақыт гормондары", Асхат Аймағамбетов Эрих Мария Ремарктің "Триумфальная арка" кітабын оқығанын, Жұлдыз Досбергенқызы Рахат Мамырбектің "Ұлт туралы арманын" аяқтап, "Либерализм және оған айтылатын сын" атты кітапты оқып жатқанын, Ринат Зайытов Тұрсын Жұртбайдың "Алаш қозғалысы" кітабын аяқтап, Санжар Керімбай құрастырған "Қуыс кеуде" атты шығарманы оқып жатқанын айтса, Гүлдара Нұрымова "Махаббат, қызық мол жылдарды" оқығанын, Нартай Аралбайұлы Оралхан Бөкейдің "Атаукересін", ал Ардақ Назаров "Құтты білікті" оқып жатқанын айтты.
"Ішінде парасатты дүниелер бар. Жаттап жазып жатырмын", - дейді Ардақ Назаров.
Ал Дәулет Мұқаев Хараридің "Sapiens" кітабы соңғы оқыған кітабы екенін айтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова