- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- есірткі туралы
Магниттер қолданған: Telegram-да есірткі сатқандар қамауға алынды
Түркістан облысында синтетика тарататын дүкен анықталды. Бұл іске қатысы барлар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Telegram-да "Геркулес" атты синтетика тарататын чат-бот дүкен жұмыс істеген.
"Арнайы іс-шаралар нәтижесінде "кладмендер" ұсталып, 3 келі синтетикалық дайын өнім ретінде мефедрон тәркіленді. Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен 2 қылмыстық іс басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ дилерлер синтетикалық есірткіні таратудың жаңа әдісін қолданған.
"Кладмендердің ұялы телефондарын тексеру барысында интернет дүкендерінің бірі арқылы 255 мың теңге тұратын 5 300 магнит тапсырыс берілгені анықталды. Магниттер синтетикалық есірткіні скотчқа орап, металға жабыстыруға қолданылған", - деп жазылған хабарламада.
Синтетикалық есірткінің 133 миллион теңге тұратын 5 300 дозасы таратылмады. Күдіктілердің мобильді құрылғыларында заңсыз ақша транзакциялары жүзеге асырылатын криптографиялық әмиян табылды.
Бұл іске қатысты да тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін аса ірі мөлшерде есірткі сатқан екі қызылордалық сотталғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова