Мағжан Ілиясов АҚШ-тағы елші болып тағайындалды

Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ол бұл қызметтерге 2022 және 2023 жылдары тағайындалған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Ержан Ашықбаев АҚШ-тағы елші қызметінен босатылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!